Кәсіпкердің 50 мың АҚШ долларын қорқытып алып қойған шенеунікке үкім шықты

29 қазан, 15:46451
Автор: Elorda Aqparat
фото ҰҚК сайтынан алынды фото ҰҚК сайтынан алынды

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы М. Әбдірахманов 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 3 ақпанда ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ШҚО бойынша МКД ЭТҚ салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы М. Әбдірахмановты жергілікті кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын қорқытып алғаны үшін қылмыс үстінде ұстады», делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша 2019 жылғы 13 тамызда Өскемен қалалық № 2 сотымен М. Әбдірахманов кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 366-бабы 3-б. 1-т. «пара алу» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2019 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен бірінші инстанцияның сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Наверх