• USD 385
  • EUR 434

Полицейлер Есіл өзенінде батып бара жатқан ер адамды құтқарды 

27 наурыз, 15:17628
Автор: Elorda Aqparat
Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан полицейлері өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«26 наурыз күні полиция лейтенанты Руслан Бүркітбаев пен полиция аға лейтенанты Дәулет Әбуов «Талас 201» автопатрульді патрульдеу кезінде сағат 18.00 шамасында Жедел басқару орталығынан университет артындағы Есіл өзенінде бір адамның суға кетіп бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттың ішінде полиция экипажы оқиға орнына жетіп, ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, азаматты құтқару бойынша шараларды қабылдады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Төтенше жағдай департаментінің қызметкері мұздың үстінен ер адамға барып, оны арнайы арқанмен байлап шығару барысында, мұз олардың салмағына шыдамай, сынып кетті.

Ер адам, ТЖД және полиция қызметкері су астында қалды. Басқа полиция қызметкерлері көмектесіп, оларды судан шығарып алды. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық емханаға жеткізілді. Сонымен қатар, су астында қалған полиция қызметкерлері мен ТЖД қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полицейлер азаматтарға мұздың қалыңдығының жұқарғанын, сол үшін тәуекелге бармай, су айдындарын мұз үстімен өтуге болмайтынын ескертеді.

 

Наверх