Елордада Көктем Fest өтеді 

18 сәуiр, 16:43803
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында Көктем Fest аясында ұлттық спорттан іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Байқоңыр» ауданының әкімдігі мен қалалық құрылымдар.

Байқоңыр ауданының әкімдігі 27 сәуірде елорда тұрғындары мен қонақтарын Көктем Fest-ке шақырады.

Фестиваль аясында қызықты да көңілді шаралар өтеді. Атап айтқанда, арқан тартыс, асық ату, армрестлинг жарыстарын тамашалауға болады.

Сондай-ақ, қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнир өтеді. Оған 40-тан астам балуан қатысады.

Іс-шараның өтетін орны: Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолының қаладан 20 шақырымында ұйымдастырылады. МАИ бекетінің оң жақ беті.

Шараға №307 автобус маршрутымен баруға болады.

Наверх