• USD 385
  • EUR 434

Елордада Димаштың жеке концерті дүркіреп өтті   

01 шiлде, 09:29385
Фото интернеттен алынған Фото интернеттен алынған

Димаш Құдайбергеннің 29 маусым күні өткен «Арнау» атты жеке концерті елорда күніне арналды. 22:00-де басталатын концертке кіргізу кешкі 19:00-де басталған. "Астана Аренаға" кіретін алты есікте де ұзын-сонар көрермен кезекке тұрды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концертке 350-ден астам еріктілер қатысқан.

Концерт бірнеше бөліктен тұрды. Кеште қазақтың халық әндері, белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері орындалды. Ашық аспан астында көрермендер қазақ, ағылшын, орыс, француз және итальян тілдеріндегі әндерден рақат алды.

Димаш концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін Арыс тұрғындарына көмекке жібереді.

«Мен шетелде жиі болсам да, өз елімнің жаңалықтарын білемін. Интернетке кіргенде алдымен елімде болып жатқан жаңалықтарды қараймын. Жақында Арыста қайғылы оқиға болды. Мен осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін Арыс тұрғындарына көмек ретінде беруді шештім », - деді Димаш концертте.

Димаш ән кешінде жан досы Денис Теннің құрметіне ән арнады.

«Денис Тен екеуміз дуэт болып ән салуды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, біздің жоспарымыз орындалмады. Денис талант еді. Денистің бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - дейді Димаш.

Әннің соңында Денис Теннің ата-анасы сахнаға құрметті қонақтар ретінде шақырылды. Димаш оларға алғысын білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

Наверх