• USD 385
  • EUR 434

Қызыл кілем, қошемет және сыйлықтар. Елордалық дәрігерлер ардагерлерге құрмет көрсетті 

06 мамыр, 17:55626
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda Aqparat Фото Elorda Aqparat

Бүгін №4 емханада Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер және оларға теңестірілген тұлғалар үшін музыкалық қойылым өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 Емханада мұндай мереке жыл сайынғы дәстүрге айналды. Ардагерлер үшін емханада соғыс жылдарындағы әндер айтылып, құрмет көрсетілді. Әрбір ардагердің өзінің тарихы бар. Жүнісбек Кәрімов Ақмоладан соғысқа аттанды.

«Мен 18 жаста едім. Алматыға алып кетті, онда үш ай дайындалып, соғысқа аттандық. Мен дәл Берлинге түстім. Соғыстың соңғы күні басымнан жараландым. Қан шапшып ақты. Бинтпен жараны таңдым, жарты сағаттан кейін ештеңе көрмей қалдым.  Госпитальда емделгеннен кейін майданға қайта оралдым. Мен әскери қызметте 7 жылдан аса қызмет еттім. Соғыстан кейін әскери авиациялық училищені бітірдім. Осыдан кейін мені қайтадан Германияға жіберді. Онда тағы екі жыл оқыдым, кейін Беларусьқа қайта оралдым», - деп ардагер өткен өмірін еске алды.

 

«1946 жылы конструктор Туполев  күрделі ТУ 104 ұшағын жасап шығарды. Ол Қазанда, Татарстанда жасалатын. Мені солтүстікке, Верхоянскке оны сынақтан өткізуге жіберді. Экипаж құрамында 17 адам. 3 айдай онда жұмыс жасадық. Ақаулар анықталып жатса мені шақыратын. Келіп көмектесіп жүрдім. Осылайша дивизияның бас инженерінің оң қолы болдым деуге болады. 1951 жылы бәрі тарады, бірақ мені тек 1959 жылы ғана босатты.

Үйге оралдым, жолаушылар ұшағы мен үшін қызықсыз болды. Сосын теміржолға қызметке кірдім. Байланыс, сигнализациямен айналыстым онда, телефон, радио, электрлік орталықтандыру сияқты. 1951 жылдан 1992 жылға дейін сонда жұмыс істедім. Зейнеткерлікке шыққан кейін тағы 6 жыл бойы еңбек еттім».

Михаил Калинин миномет ротасының командирі болған. Ұрысқа Украина жерінде кірген, одан соң Польша, Германия, Венгрия, Румыния, Чехословакия мен Австрияны азат етуге қатысты. Жеңісті Прагада қарсы алыпты.

«Командиромын Конев болды. Соғыс бітіп, 9 мамырда бәрі жеңісті тойлап жатқанда, 11 мамырда бір әлі Прагада соғыста едік. Мен онда миномет ротасында болдым.  Соғыстан кейін Павлодарға анама оралдым. Екі рет жарақат алдым, басымдағы жарқыншақ әлі бар, қазір оң жақ жанарым көрмейді», - дейді ардагер.

 

Емхананың бас дәрігері медициналық мекемеде дәстүрлі түрде осындай шаралар өткізіліп тұратынын жеткізді.

«Біздің ардагелеріміздің денсаулығын бізге сеніп тапсырды. Өз отбасымыздағыдай жыл сайын осындай мереке ұйымдастырамыз. Елорда әкімшілігі бізге жақсы қолдау көрсетеді. Бүгін демеушіміз АТФ банк батарейкалы тонометр сыйлады. Оларды электр қуатынсыз қолдануға болады. «Гаухартас» мейманханасы ардагерлер үшін мерекелік дастархан жайды. Қарттармен бірге шай ішіп, әңгіме-дүкен құрамыз. «Астана Опера» театрының артистері мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Ардагерлерге арналған шарамызға қолдау көрсеткен баршаңызға алғысымызды білдіреміз”, - деді емхананың бас дәрігері Серік Шәймерденов.

 

Наверх