• USD 382
  • EUR 433

Астанада автокөлік ұрлаған адам әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды

11 наурыз, 17:53229
Автор: Elorda Aqparat

Астанада полицейлер автомобильді ұрлап айдап әкеткен адамды ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Полицияға үй ауласынан «Hyundai» маркалы автомашинаны  ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. Айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін «Тосқауыл» жоспары жарияланып, патрульдік жасақтарға бағдар берілді.

Бейнебақылау камералары жүйесін қарау барысында Жедел басқару орталығының инспекторы аталған автомашинаны Мәңгілік ел көшесі бойында байқаған. Ақпарат шұғыл түрде жақын жердегі патрульдік полиция жасақтарына жіберілді.

Жүргізуші жасырыну мақсатында жол жүрісі қағидасын өрескел бұзып, жол жүрісі қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, қозғалысты жалғастырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде автомобильді айдап әкеткен күдікті ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Наверх