#tazaQazaqstan: Есіл өзенінің жағалауынан 5 КАМАЗ қоқыс шығарылды

27 тамыз, 17:29406
Автор: Elorda Aqparat
фото «Астана су арнасы» баспасөз қызметінен фото «Астана су арнасы» баспасөз қызметінен

«Астана су арнасы» мекемесінің жүзден астам қызметкері #tazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты. Бұл шара қала әкімі Алтай Көлгіновтің бастамасымен өтіп жатыр. Бұған дейін де қала тұрғындары астана маңыздағы саябақтар мен өзен жағалауын жылдар бойы жиналған қоқыстан тазартқан болатын, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Акцияға қатысушылар Есіл өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтар мен басқа да қоқыстардан тазартты. Екі сағатқа созылған сенбілікте мекеме қызметкерлері 5 КАМАЗ-ға тиелген қоқыс жинаған. Арнайы техника өзен жағалауынан жиналған қоқысты полигонға әкетті.

«Бұл жерде көптеген дала гүлдері өседі екен. Бірақ айналадағы шашылып жатқан қоқыстар олардың өсуіне кедергі келтіруде. Арнайы техникамен қатар қызметкерлер қоқыстарды қолмен жинап, өзеннің жағалауын тазартты», - деп көрсетті «Астана Су Арнасы» өкілдері.


Наверх