• USD 385
  • EUR 434

«Нұрсаяның» ауласы немесе сыны мен сыры кеткен элиталық үй

26 шiлде, 16:38565
фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Елордадағы әдемі әрі туристер фотоға жиі түсетін ғимараттардың бірі – «Нұрсая» тұрғын үй кешені. "Нұрсая-1" және "Нұрсая-2" болып бөлінеді. Ел астанасының дәл орталығында, Бәйтеректің түбінде орналасқан. Кешеннің қолданысқа берілгеніне биыл 10 жылдың жүзі болды. Келбеті көз сүйсіндіргенмен ауласы тозған, шаңы шығып, шөбі орылмай, арамшөп басқан. Аулаға кіретін баспалдақ та үгіліп, мүжіліп тұр, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Біреулер үшін арман болып жүрген үйдің жағдайы сын көтермейді. Астананың қақ ортасында, Министрліктер үйі мен Ақордаға таяқ тастам жерде тұрған элиталық болып саналатын "Нұрсая-2" тұрғын үйіне күтім жасалмағалы көп болғаны анық.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

«Нұржол» желекжолының бойына салынған тұрғын үй кешенінде еліміздің зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары және басқа да танымал тұлғалар тұрады.

фото авторы Сұлтан Сейітов

Асфальт төсемелерінің тозығы жетіп, балалар ойын алаңының апатты күйде тұрғанына да біраз уақыт болып қалды. Соның салдарынан бүлдіршіндердің асфальт үстінде амалсыз доп теуіп жүргенін сан мәрте көрген едік. Кешеннің ескіріп, оған жөндеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмеуінің себебін іздеп, «Нұрсая-2» ПИК мамандарына жүгінген едік, мынадай жауап алдық:

 

«Бұл кешеннің құрылысы о баста у-шумен әрең біткен. Сол тұстағы құрылысты бастаған тұлғалар жұмысын соңына дейін бітіре алмай, істі болған еді. Кейінірек оны арзан материалдармен салып, әрең дегенде аяқтаған. Сол арада астыңғы қабаттағы көлік тұрағы да, тиісінше оның үстіңгі бөлігі де жекеменшікке өтіп кетіпті. Заң бойынша біз ғимарат пен одан бес метрдің тазалығы мен қалыпты жағдайына жауаптымыз. Ал қалғаны біздің мойнымызда емес. Дегенмен ауладағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары біздің бастамамызбен қолға алынды. Жекеменшік иелері қозғалмаған соң өзіміз бастап отырмыз. Бұл биылғы жоспарымыз. Келер жылы өзге тұстарын жөндейміз», – дейді ПИК қызметкері Бағлан Байсұлтанов.

Бұл жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық әкімшілігіне хабарласып, түсініктеме беруін сұрадық. Әзірге жауап жоқ. Елорда Инфо редакциясы бұл мәселенің шешімін назарда ұстайды.

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов

 

фото авторы Сұлтан Сейітовфото авторы Сұлтан Сейітов


Наверх