• USD 385
  • EUR 434

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасымен Екібастұзға көшкен отбасыларға 3 бөлмелі пәтер берілді

21 мамыр, 20:06573
фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан кɵпбалалы отбасылар Екiбастұзға жеттi. Уəде етiлгендей жаңадан салынған бес қабатты үйден əрқайсысына үш бɵлмелi пəтердiң кiлтi табыс етiлдi, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жиынға Павлодар облысы əкiмiнiң орынбасары Асхат Оралов, Екiбастұз қаласының əкiмi Нұржан Əшiмбетов, елордадан 5 мамыр күнi кɵшiп келген кɵпбалалы отбасылар қатысты.

 

Салтанатты рəсiмде алғысɵз алған Асхат Оралов қоныс иелерiн баспаналарымен құттықтай отырып, отбасыларына береке тiледi.

“Баспаналы болдыңыздар. Ендi тек жұмыс iстеу керек. Мұндай бақыт кез келген адамға бұйыра бермейдi. Қолымыздан келген жағдайдың бəрiн жасаймыз. Тегiн балабақша, тұрақты жұмыспен қамту басты назарда. Тек жалқауланбай, Екiбастұздың ɵркендеуi үшiн аянбай еңбек етулерiңiз керек”, - дедi ɵңiр əкiмiнiң орынбасары.

Ɵз кезегiнде Екiбастұз əкiмi астаналықтардың тезiрек сiңiсiп кетуi үшiн қаланың орталық тұсынан үй берiлгенiн атап ɵттi.

“Құрметтi Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, Екiбастұзға қош келдiңiздер! Жаңа баспаналарыңыз жаңа бағдарлама бойынша салынды. Бiздiң ендiгi мiндетiмiз сiздердi қолдарыңыздан келетiн жұмысқа орналастыру. Бұл мəселе жақын уақытта шешiледi. Балаларыңыз да балабақшамен, мектеппен қамтамасыз етiледi. Ал демографиямызды кɵбейтемiз десеңiздер перзентхана қастарыңызда тұр", - дедi қала əкiмi жиналған жұртты ду күлдiрiп.

Пəтер кiлтi салтанатты түрде тапсырылғаннан кейiн Асхат Оралов əр үйге жеке-жеке кiрiп, қоныс иелерiн құттықтап шықты.

"Бейне бiр ұйықтап жатқан секiлдiмiн. Үш бɵлмелi үй алу үш ұйықтасам да түсiме кiрмейтiн. Бiр апта бұрын ғана бiр бɵлмеде тұрып, үй иесiнiң қас-қабағына қарайтын едiк. Тапқан табысымыз пəтер ақысынан артылмайтын. Ендi мiне 80 шаршы метр үйде тұрып жатырмыз. Ары қарай Екiбастұзда тəттi бəлiштер, дəмдi самса пiсiрсем деген ойым бар. Ɵзiм дəмдi тағамдар əзiрлегендi ұнатамын", - дейдi кɵпбалалы Жанар Есқожанова қуаныштан кɵзiне жас алып.

 


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх