• USD 385
  • EUR 434

«Нұрлы Ертiс» бағдарламасы бойынша қоныс аудару үшiн 25 көпбалалы отбасы жолға шықты

21 мамыр, 11:121134
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін «Нұрлы Ертiс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Нұр-Сұлтан қаласынан Екiбастұзға қоныс аудару үшiн 25 кɵпбалалы отбасы жолға шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Екiбастұз қаласында кɵпбалалы отбасыларды тұрақты жұмыс, баспана, ал балалары үшiн тегiн балабақша мен мектеп күтiп тұр. Сол сияқты Павлодар облысының əкiмдiгi тегiн мектеп формасымен, оқу құралдарымен, мектепте уақытылы ас-суымен, қажет жарақтарымен қамтамасыз етуi тиiс.

«Нұр-Сұлтан қаласының əкiмдiгi «Нұрлы Ертiс» бағдарламасы туралы айтқанда қуанып кеттiк. Ұсыныстары кɵңiлiмiзден шықты. Ендi баспаналы болу үшiн Екiбастұз қаласында бес жыл тұруымыз керек. Үш бɵлмелi үйдi айына небəрi 8 мың теңгеге жалдап тұрады екенбiз. Ал Нұр-Сұлтанда бiр бɵлмелi жатақханаға айына 40 мың теңге тɵлеп тұрдық. Ɵзiм осы бас қаламызда туып, осында ɵскендiктен болар қазiр iштей қуанып тұрсам да астанамыздан қимастықпен аттанып барамын», - дейдi кɵпбалалы Қаламқас Темiрғалиева қуаныштан кɵзiне жас алып.

Нұр-Сұлтан қаласының əкiмдiгi кɵпбалалы отбасылардың аман-есен кɵшуi үшiн арнайы автобустар мен газельдер ұйымдастырды.

Айтарлығы, бас қаламыздан «Нұрлы Ертiс» бағдарламасы бойынша кɵпбалалы отбасылардың осымен екiншi легi кɵшiп барады. Алғашқысы 5 мамыр күнi аттанып, Екiбастұзға 17 отбасы орналастырылған.

Қазiргi уақытта Нұр-Сұлтаннан Екібастұз қаласына қоныс аударғысы келетін көпбалалы отбасыларды қабылдау жұмысы жалғасып жатыр. Əзiрге 42-сi кɵшiрiлдi. Ендi 122 отбасы үш бɵлмелi пəтерге жайғасып болған соң екi бɵлмелi, ал ары қарай бiр бɵлмелi үйге ɵтiнiштер қабылданады.

 


Наверх