Елордадағы street art 

19 тамыз, 12:12876
Автор: Elorda Aqparat

Street art – көшелерде салынған суреттер, яғни заманауи сурет өнерінің түрі. Стрит-арттың отаны саналатын Лондон, Берлин, ­Лиссабон қалаларында тұрғын үйдің тұтас қасбетіне, қабырғаларына салынатын муралдар көше мәдениетінің бір түріне айналған, деп хабарлайды Елорда Инфо "Астана ақшамы" газетіне сілтеме жасап.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін «Astana Street art» фестивалі аясында белгілі бір тақырыпқа құрылып, көркемдік ерекшелігі ескерілген суреттер пайда болып, қала көркін одан сайын аша түсті. Мысалы, Кенесары көшесі, 63-үй қабырғасында «Tigrohaudcrew» командасы мен қазақстандық суретші Нұрлан Килибаевтың коллаборациясының нәтижесі «Ықылас» муралы көзге жылы ұшырайды. Астаналық «Canbrush» командасының Бараев көшесі, 6/1-үй қабырғасындағы «Үлкен қала балалары» туындысы мегаполис тұрғындарының қызу өмірінен сыр шертеді. Күйші Дина көшесі, 15-үйдегі «Бәйге» атты мурал да ерекше. Абай даңғылы, 67-үйдегі «Like» муралында текті жануар жылқы мен заманауи адамның қызығушылығын өзара ұштастырған. Республика даңғылы, 34/2-үй қабырғасындағы «Қызғалдақ» жаңаруды меңзейді.

фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Өткен жылы 20 жылдыққа орай елордада ұйым­­дастырылған «Urban art Astana» фестивалі аясында да ерекше муралдар дүниеге келді. С409 көшесі, 47-үй қабырғасындағы «Табиғат тақырыбындағы коллаж» қала тұрғындарына табиғат пен адамның арасындағы үйлесімді бұзбауды ескертеді. Есенберлин көшесі, 30-үйдегі «Тарихқа аллегорияда» жас қыз өткен күннің парағын аударып, тарих пен бүгіннің байланысын береді. Сарыарқа көшесі, 19-үйдің қабырғасындағы Сәкен Сейфуллиннің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышына айналды.

фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

187-көше, 16/4-үйде «Қорғаушы» атты муралда тау барысы – қор­­ғау­шы образында. Міне, елордадағы муралдарда табиғат бейнесі кең пайдаланылған, сонымен бірге астанамыздың жаңа заманғы келбетінен сыр шертеді. Қалай десек те, үй қабырғаларындағы суреттер көңілімізге жағады.

фото авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

 

Жадыра ШАМҰРАТОВА

 


Наверх