• USD 385
  • EUR 434

Елордада «Территория комфорта-1» проблемалық нысанын бұзу басталды

11 қыркүйек, 16:26174
Автор: Elorda Aqparat
фото Елорда Инфо, Александр Куприенко фото Елорда Инфо, Александр Куприенко

Қала әкімі А. Көлгінов «Территория комфорта – 1» тұрғын үй кешенінде болды. Нысан 2004 жылы тұрғызыла бастаған. Бірақ құрылыс нормалары сақталмағаны анықталып, сүруге шешім қабылданған болатын. Бүгін осы жұмыс басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

«Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бөлшектеу жөніндегі жобаның жетекшісі Алиакбар Үмбеталиннің айтуынша, бұрынғы құрылыс салушы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланған.

 «№500 марканың орнына құрылыс салушы № 250 пайдаланды. Бұл құрылым тұрғын үйлерді салу үшін қолайлы емес. Арматураның түйіскен жерлерінде байламдар жоқ, ал кей жерлерінде қалау торынан байламдар пайдаланылған. Егер мұндай үйді пайдалануға енгізсе, онда үйдің бір бөлігі техникалық нормаларға сәйкес болмағандықтан бірден құлайды», - деді А. Үмбеталин.

Қала әкімі А. Көлгінов бірінші кезектегі міндет - тұрғындарға кілттерді беру екенін атап өтті. Жалпы үлескерлер саны-500 адам.

«Бастысы инвестор табылды. Егер басқа проблемалық нысандардың ең болмағанда іргетасы қаланса, бұл жерде барлығын бұзып, құрылысты қайта бастау қажет. Инвестор үшін жоба рентабельді, учаске қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. Қазір барлығымыз бірге жұмыс істеуіміз керек. Құжаттама бойынша біз көмектесеміз», - деді А. Көлгінов.

 Аталмыш ТК блоктарын бұзу ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект (76 үй) бар. Құрылыс процесін Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайтын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

 


Наверх