• USD 385
  • EUR 434

Елордада өтетін хоккейден әлем чемпионатын тамашалаудың басты 5 себебі

19 сәуiр, 11:29589
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Elorda Aqparat мұрағатынан Сурет Elorda Aqparat мұрағатынан

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қазақстан тарихында алғаш рет бірінші дивизионда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. SPORTINFORM бұл шараны тамашалаудың басты 5 себебін атады.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, әлем чемпионатының матчтарына билеттердің құны ҚХЛ-да өтетін «Барыс» ойынының бағасынан аспайды. Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойынға билеттің ең төменгі құны 700 теңгені құрайды. Қалған құрамалардың қатысуымен өтетін ойынға билеттердің құны 400 теңгеден басталады.

Билеттерді сәуір айынан бастап ҚХЛ матчтарының («Барыс Аренаның» кассаларын қоса алғанда) сату нүктелерінде және онлайн-сату сервисі («Барыс Аренаның» кассаларын қоса алғанда) арқылы алуға болады.

Чемпионат матчтарын тамашалаудың тағы бір себебі – Қазақстан құрамасына жанкүйер болу. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы өз жанкүйерлерінің алдында жиі ойнайды. Соңғы рет мұндай ауқымды шара сегіз жыл бұрын Азиада-2011 аясында өткен болатын. Сол кезде Жапониямен шешуші матчта бес мың орындық «Қазақстан» спорт сарайына жанкүйерлер сыймай қалған еді. Енді Қазақстан құрамасының жеңісін 12 мыңдық «Барыс Аренада» көруге болады.

Чемпионатта ҚХЛ көшбасшыларының ойынына көзайым бола аласыз. Брэндон Боченски, Роман Старченко, Никита Михайлис, Егор Петухов, Алихан Асетов және Валерий Орехов, қорғаушы-бомбардир Даррен Диц. Сондай-ақ, басқа клубтардан құрамаға үміткерлерде бар. Мысалы, канадалық қазақстандықтар Найджел Доус пен Мартен Сен-Пьер.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында әлемдік хоккей элитасына екі жолдама сарапқа салынады. Қазақстан 2016 жылдан бастап топ-дивизионда ойнаған жоқ (Ресейдегі Әлем чемпионаты). Біздің командаға қарсы Беларусь, Словения, Венгрия, Корея және Литва құрамалары шықпақ. Негізгі күрес Қазақстан мен Беларусь арасында өтеді деп күтілуде.


Наверх