Елордада экологиялық акция өтті 

12 шiлде, 20:51438
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Астаналық "Керуен" СОО-да экологиялық мәселелерге келушілерді тарту бойынша эко акция өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

12-14 шілде аралығында Galmart супермаркеттерінің сауда залдарында I care with galmart эко-күндері ұйымдастырылуда. Мұнда эко тақырыбындағы фотокөрме қойылып, «РОП операторы» стенді ұсынылды. Стендте қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігі, қоқыс қалай өңделетіндігі және басқа да пайдалы ақпараттар топтастырылған.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

"Біз адамдарды күнделікті тұрмыста экологиялық таза өнімдерді қолдануға шақырамыз. Әсіресе, ас-суды полиэтилен, пластик ыдыстарда сақтаудың зияны орасан. Ол жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баяғыда-ақ дабыл қаққан. Бірақ жұрт бәрібір енжар", – деп қынжылды «ЭКО-Продактс групп» ЖШС директоры Мирас Аббатов.

Аталған компания 2014 жылдан бері осы проблемаларды шешуге қатысуда. Жыл сайын Galmart ECO DAY шарасын өткізіп келеді. Аталмыш акция аясында халықты полиэтилен пакеттер мен басқа да пластикалық ыдыстарды пайдалануды біртіндеп қысқартуға шақырады.

Акция барысында «БИО-Продактс» ЖШС биоыдыратылатын пакеттері таныстырылды.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх