Елордада ашық аспан астында көрме ашылды

05 шiлде, 11:43822
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

«Нұржол» бульварының бойында «Жасампаздық пен тұрақтылықтың 30 жылы» атты ашық аспан астындағы галерея ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Галереяның ашылу салтанатына шаһар әкімі Алтай Күлгінов қатысты.

«Бұл сурет көрмесі – Тұңғыш Президенттің отыз жыл ел басқарудағы стратегиялық талантын танытуда, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлін және халықаралық аренадағы ұстанымын зерделеуде маңызды шара. Нұрсұлтан Әбішұлының ел астанасын қазіргідей деңгейге дейін жеткізудегі еңбегін де елемеуге еш болмас. Осы жолдағы оқиғалардың объективке ілінгендерін халық бүгінгі галереядан тамашалай алады», – деді ол.

Көрмеге 100-ге тарта жұмыс қойылған. Оның ішінде мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, шекараның бекітілуі, астананың көшуі тәрізді айтулы сәттерден естелік фотолар бар. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві мен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мұрындық болғанын айта кету керек.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась


Наверх