• USD 380.4
  • EUR 425

БАҚ Лига: «Elorda aqparat» командасы үздіктер қатарында

22 сәуiр, 16:47271
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Журналистер арасындағы футболдан БАҚ лиганың бесінші маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қаңтар айында басталған турнирде әр апта сайын журналистер қауымы Назарбаев Университетінің спорт кешенінде доп тепті.

Чемпионаттың бесінші маусымына барлығы 15 команда қатысты. Командалар «А» және «В» лигаларына бөлінді.

Былтыр «В» тобының чемпионы атанып, «А» лигасына жолдама алған «Elorda aqparat» командасы бұл жолы қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, үздікті анықтайтын шешуші ойында хабарлықтар «Қазмедиа А» командасын жеңіп, бесінші рет өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.

 

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Сондай-ақ «Хабар 24», «Спорт 59» командалары төменгі топқа түсіп қалса, керісінше «В» тобындағы «Астана ТВ», «Qazakh radiolary» және «Ел арна» командалары күштілердің тобына жолдама алды.

Футболшыларды марапаттау рәсіміне атақты футболшы Сейділдә Байшақов қатысты.

Чемпионаттың «Үздік қақпашы» сыйлығына «Elorda aqparat» командасының қақпашысы Азамат Нұрматов лайық деп танылса, команданың тағы бір ойыншысы Бексаттар Саттар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік сұрмерген» сыйлықтарын иеленді. Ал «Үздік қорғаушы» болып «Қазмедиа А» қорғаушысы Ершат Қожатаев танылды.

Суретті түсірген Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Айта кетейік, жазғы чемпионат маусым айында басталады деп жоспарланып отыр. 


Наверх