• USD 385
  • EUR 434

Астаналық полицейлер әйелдер қауымын құттықтады

07 наурыз, 15:41634
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Полиция департаментінен алынды Сурет Полиция департаментінен алынды

Астаналық полицейлер ұжымы әйелдер қауымын 8 наурыз мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордалық полиция басшысы полиция генерал-майоры Марат Қожаев Департаменттің әйел қызметкерлерін, сондай-ақ өз өмірін ішкі істер органдары қызметіне арнаған ардагерлерді салтанатты түрде көктем мерекесімен құттықтап, өзінің оларға деген шексіз құрметі мен алғысын білдірді.

«Бұл мереке Сіздерді мінсіз еңбектеріңіз үшін де алғыс білдіретін сәт деп ойлаймын. Сіздердің екі мамандықты қатар алып жүріп яғни, отбасы шаруасы, бала тәрбиесімен қатар заңға қызмет ете жүріп, осындай әдемі қалыптарыңызды сақтап жүргендеріңіз бізді таң қалдырады. Көктем мерекесі көңіліңдеріңізге қуаныш, жүздеріңізге нұр, шаңырақтарыңызға шаттық әкелсін!», - деді полиция басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.

Қазіргі таңда қалалық Департаментте 800-ден астам әйел қауымы қызмет атқарады.

Қызметте ерекшеленген әйел қызметкерлерді марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Әйел қызметкерлерге, сондай-ақ ІІМ әйел-ардагерлері мен зейнеткер әйелдеріне грамоталар, медальдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Әйелдер мерекесі қарсаңында әйел полицей мен ПД қызметшілері марапатталды, оның ішінде Ішкі істер министрінің құқығымен және ПД бастығының құқығымен марапатталды.  

Салтанатты марапаттау бөлімі аяқталғаннан кейін әйелдерге Полиция департаментінің шығармашылық ұжымының күшімен ұйымдастырылған бағдарлама ұсынылды.     


Наверх