• USD 382
  • EUR 427

Астанада су басу қаупі бар аймақтар анықталды

13 наурыз, 16:44241
Автор: Elorda Aqparat

Астанада су басудың алдын алу бойынша қалалық билік қандай жұмыстар атқарып жатыр? Көктемгі су тасқынына қатысты жағдай бақылауда ма? Осы мәселелерді көшпелі брифинг кезінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында тасқынға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бес мыңнан астам жаднамалар мен ақпараттық парақшаларды тарата отырып, аулаларды аралау жүргізілді.

Астанада қар суы алып кетуі мүмкін деген 34 аумақты белгіленді. Ол аумақтарға тұрғын үйлер, өндіріс аймақтары жатады.

«Қоймадан келетін су елордадағы контррегуляторға келіп түседі. Ол жерде қазіргі таңда су жоқ. Яғни, судың орны бос. Қазір Астана су қоймасынан жіберіліп жатқан судың көлемі 4 млн текше ғана. Бірінші бекет арқылы ол су Есіл өзеніне ағызылады. Жалпы, Астана қаласының ТЖД мен әкімдігі, басқа да құрылымдар елордада су тасқынының алдын алу үшін үлкен жұмыс атқарды. Елордада өткен «Көктем-2019» республикалық оқу-жаттығуда Астана қаласы шаруашылықтарының техникаларын, адамдарының дайындығын пысықтап алдық», - дейді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев.

Қаладан полигондарға 2 млн тоннадан артық қар шығарылған. 500-ден аса техника мен 300-ге тарта адам қар шығару жұмысымен айналысып жатыр.

Сонымен қатар Сарыбұлақ өзенінің арнасы бойынша тасқын судың қауіпті жағдайын болдырмау мақсатында өзен арнасын кеңейту, тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ Ильинка ауылы ауданында 600 м ұзындықта бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған шаралар көрсетілген учаскелерде тасқын қауін болдырмауға бағытталған.

Айта кетейік, қаладағы аудан әкімдіктері су басуға жол бермеу мақсатында барлық тиісті жұмыстарды атқаруда.


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх