Қоғам

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады

30 сәуiр, 12:16449
Автор: Elorda Aqparat
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен тіпті еңбек-келісім шарты да бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Шамадан тыс қол жүгі немесе ауыр жүкті рәсімдеу үшін жолаушылар пойыздың жөнелтілуіне 1 сағат қалғанға дейін жүк бөлімшелеріне жүгінуі керек. Сонымен қатар бандероль, кіші қорабтар мен басқа жүкті теміржол арқылы жіберетін болсаңыз «Қазпочта» АҚ-ның көптеген филиалдарына хабарласаңыз болады. Алайда, аталмыш жүкті жолсеріктер арқылы тасымалдау заңсыз болып табылады. Және де компания бұндай жолмен жіберілген жүкке жауап бермейді. Заңсыз түрде жүк тасымалдаған жолсерік әкімшілік жазаға тартылады. Онымен тіпті еңбек-келісім шарты да бұзылуы мүмкін», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының хабарламасында.

Егер де сіз заңсыз рәсімделген жүк тасымалына куә болсаңыз – міндетті түрде фотобейне түсіріп (пойыз және вагон нөмірі) компания бас директорының блогына жіберуді сұрайды. 

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бұйрығына сай жолаушылар пойыздарында тегін қол жүгін тасымалдаудың нормалары бекітілген. Тұлпар Тальго вагондарында 25 келіден аспайтын және де үш өлшем бойынша  (биіктігі, ені, ұзындығы) 150 см дейін болатын жүк тасымалдауға рұқсат берілген. Стандартты вагондарда жолаушыларға салмағы 35 келіге дейін үш өлшемі 200 сантиметрге дейін жүкті тасымалдауға болады.     

Қазіргі таңда Ұлттық тасымалдаушы жүк тасымалдау қызметін 12 бағытта ұсынады. Ол - №379/380 «Алматы-Орал», №377/378 «Алматы-Маңғышлақ», №31/32 «Павлодар-Алматы», №303/304 «Қостанай-Алматы», №673/674 «Павлодар-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол», №23/24 «Ақтөбе-Алматы», №33/34 «Ақтөбе-Алматы», №41/42 «Алматы-1-Атырау», №309/310 «Ақтөбе-Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе-Атырау», №47/48 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол -Атырау», №393/394 «Алматы-Алтынкөл»).

Үлкен қалаларда жолаушылардың қолайлығы үшін компанияға тиесілі 30 жүк тасымалдау объектілері - 16 бөлімше мен 14 қабылдау орталықтары орналасқан. Олар Алматы-1, Алматы-2, Шу, Луговая, Жамбыл, Шымкент, Түркістан, Семей, Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Маңғышлақ, Шетпе, Бейнеу, Орал, Құлсары, Атырау, Мақат, Қызылорда, Арал теңізі, Қазалы, Төретам, Сексеуіл, Нұр-Сұлтан-1, Көкшетау, Курорт-Борабай, Қостанай, Тобыл,  Қарағанды және Павлодар станцияларында.

Жүк тасымалдау сұрақтары бойынша келесі телефондарға хабарласаңыз.

       1.

Алматы-1

8/727/-296-31-75 касса, 296-35-39 қойма

       2.

Алматы-2

8/727/-296-18-64 касса

       3. 

Шу

8/726/-43- 6-31-34, 6-31-33

       4.

Луговой

8/726/-31-36-0-31

       5.

Жамбыл

8/726/-2- 96-02-76

       6.

Шымкент

8/725/-2- 95-36-59ф., 95-21-22, 95-24-32

       7.

Түркістан

8/725/-33-5-22-28

       8.

Семей

8/722/-2-38-00-2, 38-11-84

       9.

Ақтөбе

8/713/-2-97-50-41, 97-56-62

     10.

Қандыағаш

8/ 713/-33-70-1-56

     11.

Маңғышлақ

8/729/-2-46-22-95

     12.

Бейнеу

8/729/-32-61-2-19

     13.

Орал

8/711/-2-97-06-51касса

     14. 

Құлсары

8/712/-37-61-0-94

     15.

Атырау

8/712/-2-95-54-53 касса

     16.

Мақат

8/712/-35-61-2-75

     17.

Қызылорда

8/724/-2-29-24-69, 29-27-40

     18.

Қазалы

8/724/-38-4-24-69

     19.

Төретам

8/736/-22-6-16-39

     20.

Нұр-Сұлтан-1

8/717/-2- 93-23-87ф., 93-36-66, 94-83-10

8/717/-2-93-34-10 касса, 93-32-63

     21.

Көкшетау

8/716/-22-29-34-57

     22.

Курорт Бурабай

8/716/-36-6-44-02

     23.

Қостанай

8/714/-2-90-09-97

     24.

Тобыл

8/714/-36-4-05-35

     25.

Қарағанды

8/721/2-60-40-48 касса

     26. 

Павлодар

8/718/-2-37-28-76

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх