Мәдениет

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

09 қазан, 20:4160
Фото авторы: Айбын Қуантай Фото авторы: Айбын Қуантай

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кiтапханасында Қазақ өнерінің қайраткері, композитор Кентау Назарбектiң "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" атты әдеби-сазды ән кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кешке Тұрсын Жұртбай, Несіпбек Айтұлы сынды өзге де зиялы қауым өкілдері арнайы келіп, кітапхана оқырмандары мен қазақ өнерінің жанашырлары көрермен залына лық толды. 

Фото авторы: Айбын ҚуантайФото авторы: Айбын Қуантай

Кеш барысында композитордың "Абайдың өлеңі" және "Құнанбай" әндерінің және "Қазағым, жаса мәңгілік!" атты кітапшасының тұсауы кесілді. 

Фото авторы: Айбын ҚуантайФото авторы: Айбын Қуантай

Фото авторы: Айбын ҚуантайФото авторы: Айбын Қуантай

"Кентаудың Абайға ән арнап, ұлы ақынның рухына тағзым етуі бекер емес. Себебі ол – Абай елінде кіндік қаны тамып, киелі мекеннің топырағынан нәр алып, Абайдың табанының табы қалған жерде өсіп-өніп, Абайдың бұлағына шөлі қанып, суысндаған жігіт. Бүгін, міне, осымен Абайдың тойы, Абайдың ән тойы басталды", – деді алғашқы болып сөз алған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы. 

Ал өз кезегінде композитор Марат Ілиясов Кентау Назарбектің тек ән жазып қана қоймай, прозаны да, өлеңді де жазатынын, сондай-ақ оның суретшілік өнерінің де бар екенін атап өтті. 

Айта кетсек, кешті айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. Төлеген Жаңғалиевтің өлеңіне жазылған "Құнанбай" әнін Кентау Назарбектің шәкірті, Абай ауданынан арнайы келген дәстүрлі әнші Қонысбек Байдашев шырқады.

Фото авторы: Айбын ҚуантайФото авторы: Айбын Қуантай

Сонымен қатар кеште Айбек Бекбосынов, Әсем Омарова, Перизат Тұрарова сынды және басқа да елімізге белгілі әнші-күйшілер өнер көрсетіп, композитордың сырлы әндері орындалды. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Елорда Инфо тілшісі композитор Кентау Назарбекпен оның шығармашылығы жөнінде сұхбат құрған болатын. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх