Жолдау-2019

Ұтымды ұсыныс: көпбалалы аналарды бизнеске тарту бағдарламасы әзірленеді

11 қыркүйек, 16:30159
Автор: Elorda Aqparat

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеументтік қорғау, зейнетақы мен шәкіртақыны, мүгедектігі мен асыраушысынан айрылғанына байланысты төленетін жәрдемақы мөлшерін көбейту мәселесі үнемі назарында тұратыны Президенттің Жолдауында айқын көрініс тапты.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің тарихында қалары сөзсіз. Оның «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен барлығыңызды мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!» деген сөзінен еліміздің тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азаматына сенім артқаны байқалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық қоғамды қолдау, ішкі істер органдарына реформа жүргізу сияқты және басқа да өзекті мәселелерді де сөзіне арқау етті.

Әсіресе Мемлекет басшысының көпбалалы аналарды шағын бизнеске тарту бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысы ұтымды болды. Өйткені көпбалалы аналармен өткізілген кездесулердің нәтижесінде үйде отырып табыс тапқысы келетін жас аналар аз емес. Осындай санаттағы аналардың табыс табу деңгейіне жету мақсатында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі өз  жұмысын бастап кетті. Енді бұл жұмысқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, мұның өзі де үлкен жетістік деп санаймын.

Күліш Төлеуханова,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі,

Қарағанды облысы



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх