• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Ұлттық банк валюта айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

06 тамыз, 16:2160
Автор: Elorda Aqparat
фото Otyrar.kz сайтынан фото Otyrar.kz сайтынан

Қазақстанның Ұлттық банкі «Қазақстан Республикасындағы шетелдік валюталарды қолма-қол айырбастау операцияларын жүргізетін ұйымдардың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы қаулы жобасын жариялады. Ондағы ведомство ұсынған жаңа өзгерістердің бірі валюта айырбастау пункттерінің жұмыс кестесін таңғы сағат 10.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қысқартуға қатысты болып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Валюта айырбастау пунктінің жұмыс режимін (автоматтандырылған валюта айырбастау пункті) шетелдік валюталарды қолма-қол айырбастау операцияларын жүргізуге құқылы заңды тұлғалар сағат 10.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейінгі аралықты өз бетінше анықтайды» делінген құжатта.

Валюта айырбастау жүргізудегі әр операцияда тұтынушының жеке куәлігінің, құжаттың тиісті нөмірлері реестр журналында жазылады. Тегі, аты, әкесінің аты (аты және әкесінің аты толық жазылады) құжат түрі, берілген және жарамдылық мерзімі, құжат нөмірі, клиенттің жеке идентификациялық нөмірі, заңды тұлғаның мекенжайы көрсетіледі.

Бұдан бөлек, автоматтандырылған валюта айырбастау пункті үшін бір реткі айырбастау операциясы кезінде қаржы баламасы курс бойынша 500 мың теңгеден аспауы тиіс.

Қаулы жобасы

Проект постановления гласит, что уставной капитал уполномоченной организации формируется в денежной форме в полном объеме до обращения юридического лица за получением лицензии на осуществление обменных операций с наличной иностранной валютой и (или) приложения к лицензии.

Қаулы жобасында уәкілетті ұйымның жарғылық капиталы қолма-қол шетел валютасымен және лицензияға қосымшалармен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін заңды тұлғаға жүгінгенге дейін толық көлемде қарастырылады деп көрсетілген.

Әр валюта айырбастау пунктіндегі уәкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері – 100 000 000 (жүз миллион) қазақстандық теңгені құрайды.

Сонымен қатар уәкілетті ұйымның банктік шоттарындағы шетелдік валюталық ақша сомасының эквиваленті ағымдағы айдың 1 (бірінші) күнінен нарықтағы бағамен есептеледі.

Егер уәкілетті ұйымның банктік шоттарындағы ақшаның жалпы сомасы осы тармақтың бірінші бөлігіне сай белгіленген мөлшерге сәйкес келмесе, уәкілетті ұйым осындай сәйкессіздік туындаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде банктік шоттарын толықтыра алады.

Қаулы нормасының жаңаруы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуы мүмкін.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх