• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Ұлттық академиялық кітапханада Ықылас Дүкенұлын еске алу кеші өтті

11 шiлде, 10:13142
Автор: Elorda Aqparat
Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алынды Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алынды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының туғанына 176 жылдығына арналған «Тоғыз тарау» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кешті белгілі өнертанушы, күйші, Шалқар радиосының жүргізушілері Сәрсенғали Жүзбай мен Жасұлан Наурызбайұлы жүргізді.

Мерекелік шара Ықылас Дүкенұлы туралы 1993 жылы «Қазақтелефильм» түсірген «Ықылас» атты деректі фильмнен үзінді көрсетумен басталды. Шарада халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Алмат Сайжан, Ықылас Дүкенұлының тікелей ұрпағы қобызшы, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Ақнар Шәріпбаева, қобызшы, Астана филармониясының қызметкері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Жанар Жүсіпова сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алындыФото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан алынды

Мерекелік шараға суретші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір, Халықаралық «Экология» академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұсағали Дуамбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Көпен Әмірбек, белгілі қоғам қайраткері Әбдіманап Көпбергенов т.б ақын-жазушы, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх