Тұрғын үй алаптары

Үлескерлер пәтерлерінің орнын сипап қалмауы тиіс – қала билігі 

18 қыркүйек, 03:40246
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Таңғы және кешкі уақытта елорда әкімі Алтай Көлгінов проблемалық нысандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Таңғы уақытта қала басшысы бастаған жұмыс тобы алдымен "Тельман" тұрғын үй кешеніне атбасын бұрды. Мұндағы үлескерлер саны 50 адамды құрайды. Бұл жерде қазір жобалық-сметалық құжаттама мен қазандықты көмірден дизель отынына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Одан кейін қала әкімі "Алтын Бұлақ" тұрғын үй кешенінде болды. Бұл үйден 385 адам пәтер сатып алған. Қазіргі уақытта үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Құрылыс жұмыстарына кірісу үшін ЖСҚ-ны мемлекеттік сараптамадан өткізу қажет. Бұл жағынан әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетіледі.

"Құжат реттелген соң құрылысшылар бірден жұмысқа кіріседі. Бірақ бұл – күрделі процесс. Біз бөлмелердің көлемі мен орналасуын ойластырып, пәтерлердің жоспарын сызып, жалпы қалай салатынымызды және қалай жұмыс істейтінімізді ойластыруымыз керек", – деді құрылыс компаниясының өкілдері.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Естеріңізге салсақ, елордада барлығы 51 проблемалық нысан (76 үй) бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі деп көзделуде. Бұл тұрғыда қала басшысы жауапты мамандарға тиісті тапсырма жүктеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх