• USD 382.5
  • EUR 432

Билiк және саясат

Үкіметте ел аумағын 5G-мен қамтамасыз ету қарастырылды

21 мамыр, 15:3474
Автор: Elorda Aqparat
фото primeminister.kz сайтынан фото primeminister.kz сайтынан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды.

Үкімет басшысы берілетін деректер ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компоненттерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.

Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Кеңеске ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев және т.б. қатысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх