• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Үкімет Президент Жолдауын іске асырудың жобасын қабылдады

10 қыркүйек, 14:3440
Автор: Elorda Aqparat
Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ҚР Президентінің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат 81 тармақтан тұрады: заман талабына сай тиімді мемлекет – 11 тармақ, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 15 тармақ, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика – 27 тармақ, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – 18 тармақ, қуатты өңірлер — қуатты ел – 10 тармақ.

«Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер аталған құжатты Президент мақұлдағаннан кейін бірден алға қойылған міндеттерді орындауды бастауы керек. Біз алға қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлескен жұмысты қамтамасыз етуіміз қажет», — деді А. Мамин.   

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының қабылданған жобасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа бекітуге жіберіледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх