• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Үкімет басшысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бақылап, Түркістанда салынып жатқан нысандарды аралады

11 қыркүйек, 20:2824
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: primeminister.kz Дереккөз: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ Үкімет басшысы Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3 пайызы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы жұмыс жүргізуде. Оған 3,8 мыңнан аса жұмысшы мен 211 арнайы техника жұмылдырылған.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері). Оның 64-іне – күрделі жөндеу жүргізіп, төртеуін толық қалпына келтіру қажет болған. Бүгінде 62 нысанда жұмыс аяқталған.

Премьер-министр «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимараты мен оның алдындағы аллеяны аралап көрді.  «Арыс минералды су» қалпына келтірілген кәсіпорнына барды. Сондай-ақ Үкімет басшысы Арыс қаласында үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты. Барлық үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір тек ішкі әрлеу және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Мамин Арыс қаласындағы қайта салынған жеке үйлерге кіріп, олардың тұрғындарымен әңгімелесті.

Түркістан қаласында ҚР Премьер-министрі болашақ халықаралық әуежайдың құрылыс алаңында болды. Жоба түріктің YDA Holding компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы мен Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық субұрқақты, амфитеатр мен салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, келу орталығының, Шығыс моншасының, қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарын аралады.

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысына Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  жобалар таныстырылды. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх