Өңірлер жаңалығы

«Ясауитану-2019» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

08 қараша, 09:4541
Автор: Elorda Aqparat
Фото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Фото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Ясауитану - 2019» республикалық байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Байқауға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 41 оқушы қатысты.

Үміткерлер бірінші кезеңде «Баба мұрасы — балаға аманат» тақырыбы аясында Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа айтудан сынға түссе, «Білім мыңды жығар алысқанда» деп аталған келесі кезеңде сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Түркістан облысының қатысушысы Алма Қосабай (150 мың теңге) ие болса, бірінші орынды Түркістан облысынан Өмірзақ Түленов (100 мың теңге), екінші орынды Шымкент қаласынан Ұлжан Аманжолова (75 мың теңге), екінші орынды Алматы облысынан Медеу Нұрмолда (50 мың теңге), үшінші орынды Қызылорда облысынан Сымбат Бейбітшілік (50 мың теңге) және Алматы облысынан Тоғжан Нұғман (50 мың теңге), Жамбыл облысынан Дилназ Үсенбаева (50 мың теңге) еншіледі. Сондай-ақ, оқушылардың жетекшілеріне де алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.   

Фото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіФото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Фото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіФото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Фото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіФото «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін бойына сіңіру.




Наверх