• USD 385
  • EUR 434

Спорт

"Валлетта" бапкерi: Менiңше, "Астана" Еуропа лигасының келесi кезеңiне ɵттi

08 тамыз, 22:5846
Фото: bkru.co Фото: bkru.co

"Валлетта" командасының бас бапкерi Даррен Абдилла "Астанадан" iрi есеппен жеңiлген соң баспасɵз конференциясында матч жайлы ɵз ойын бiлдiрдi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

- Бүгiнгi ойын туралы қандай ойдасыз?
- "Астана" үшiн бүгiн ұлы ойындардың бiрi болғаны белгiлi. Бiз алаңға шығарға дейiн де қарсыластарымыздың деңгейiн жақсы бiлген едiк. Қателiкке жиi бой алдырып, бес гол жiберiп алдық. Бiз үшiн бұл қиын ойын болды. Мұнда үйренiсiп кетуiмiз де оңай болмады. Менiңше, "Астана" келесi кезеңге ɵттi. 
- Команданың Нұр-Сұлтан қаласына жетуi қиын болмады ма?
- Бiз 16 сағат ұшып келдiк. Уақыт айырмашылығы айтарлықтай зиянын тигiздi, соған бой үйрете алмадық. Қазiр Мальтада сағат 18:00. Жолдан шаршап келгеннен кейiн деңгейiмiздi жоғалтып алдық. 
- Ендi "Валлета" "Астананы" ɵз алаңында қалай таң қалдыруы мүмкiн?
- Бүгiнге дейiн жинаған тəжiрибемiздi қолданамыз. Бiрақ бұл ойыннан кейiн бiрнəрсе айту қиын.
- Бүгiнгi матчтан кейiн "Валлеттаның" ɵз алаңында камбэк жасап, келесi кезеңге ɵтуi мүмкiн бе?
- Жоқ, бүгiнгi нəтижеден кейiн бiздiң жеңiске жетуiмiз мүмкiн емес.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх