• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Түркістанда газ цистернасының жарылуынан 4 өрт сөндіруші ауруханаға түсті

11 қыркүйек, 09:2550
Автор: Elorda Aqparat
фото zakon.kz сайтынан фото zakon.kz сайтынан

Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде өрт шықты. Ең бастысы, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды otyrar.kz.

«Тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы Нұрғали Жүнісов.

Алдын ала берілген міндеттерге сүйенсек, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан. Өрттің көлемі 1400 шаршы метр. Күйік шалған бірнеше адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Алғашқы мәлімет 18:05- да түскен. Қонақүй ішінде мейманхана, асхана орналасқан.

ҚР ІІМ ТЖК таратқан хабарға қарағанда өрт сөндіру қызметінің 4 маманы түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға түскен.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх