• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Түркістан облысының балалары «Астана Опера» театрында қонақ болады

12 шiлде, 11:1352
Автор: Elorda Aqparat
фото \ фото "Астана Опеар" театрынан алынды

14 шілде күні Түркістан облысынан келген 150 бала «Астана Опера» театрына қонақ болмақ. Театрқұмар жас бүлдіршіндерге қайырымдылық экскурсиясы ұйымдастырылып, қазақ тілінде «Түрлі дауыстар әлемі» концерті ұсынылады, деп хабарлайды Елорда Инфо театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Опера солистері Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, В.Моцарт, Р.Леонкаваллоның туындыларынан танымал ариялар мен дуэттерді, Л.Хамидидің әндерін, қазақ, неополитандық әндері мен т.б. шығармаларды орындайды. Театрдың музыкатанушылары сопранодан бастап басқа дейінгі барлық опералық дауыстар туралы қызықты да тартымды әңгіме әзірлеген.

«Тұлғаның үйлесімді дамуы үшін өскелең ұрпақтың бойында жастайынан әдемілікке деген құштарлықты тәрбиелеу керек. Эстетикалық тәрбие беруде театрға, концерттерге бару елеулі рөл атқарады, сондықтан біздің өнер ордамызда балаларға арналған шығармашылық жобаларға ерекше мән беріледі. Түркістан облысының оқушылары жазғы демалысы кезінде «Астана Операның» қонақтары болатыны біз үшін үлкен қуаныш. Концерт бағдарламасы түрлі жастағы балалар аудиториясына есептелген. Балалар нағыз академиялық вокалды тыңдайды, оның үстіне ән салудағы дауыс түрлері туралы ойын түрінде ақпарат алып, әсемдігіне баға береді, композиторлар туралы қызықты мағлұмат біледі. Вокалдық музыкадан бөлек жас көрермендер скрипка мен виолончель үнін тыңдай алады: симфониялық оркестр әртістерінің орындауында әйгілі аспаптық миниатюралар шырқалады», - дейді «Астана Опера» Камералық залының жетекшісі Маржан Жәкенова.

Фортепиано партиясында – Раушан Бескембирова, жүргізуші – Сәуле Мәулетова.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх