• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Түркістан облысында ер адам тоқсаннан асқан кейуана мен өгей шешесін өлімші етіп сабаған

16 тамыз, 17:301229

Түркістан облысының Келес ауданында ер адам таң алдында үйдің терезесін бұзып кіріп, шырт ұйқыда жатқан әже мен өгей анасын соққыға жыққан. Зардап шеккендер қазір Абай аудандық ауруханасында жатыр. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісіне жәбірленушінің қызы хабарлады.

Оқиға 14 тамызда Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округында болған. Таңғы сағат бесте үйдің терезесін бұзып кірген 1962 жылғы азамат жасы тоқсаннан асқан әже мен өгей шешесін  соққыға жыққан.

«Өгей әкеміз осыдан бір жарым жыл бұрын өмірден өтті. Анам мен әжемді өлімші етіп сабаған сол кісінің ұлы. Соққыдан екеуі талып қалған. Ақыры таңы 5-тің шамасында анам есін жинап, маған хабарласты. Дереу жетіп, полиция мен жедел жәрдем шақырттым. Жедел жәрдем жарты сағаттан соң бірақ келді. Бұл ағдайға не себеп болғанынан хабарсызбын», - деді өзін Әйгерім деп таныстырған жәбірленушінің қызы.

Қазір жәбірленушілер Абай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жан сақтау бөлімінен палатаға шығарылыпты.  

«Қазір ол кісінің қайда қашып кеткенін ешкім білмейді. Іздестіріп жатырмыз. Дәрігерлердің айтуынша анамның миы шайқалған»,- деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх