Билiк және саясат

Тоқаев Путинге «Абай жолы» кітабын тарту етті

08 қараша, 15:4793
Автор: Elorda Aqparat

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін Мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.




Наверх