• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект саласында Германияның тәжірибесін ескеруді тапсырды

19 тамыз, 14:4284
Автор: Elorda Aqparat
фото Ақорда сайтынан фото Ақорда сайтынан

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады. Бұл туралы Елорда Инфо Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх