• USD 385
  • EUR 434

Қоғам, Астанаға 20 жыл

Тегін болса, әкеліңіз!: Астаналықтар 50 мың балмұздақты талап әкетті (Видео)

06 шiлде, 17:36572

Бүгін, Астанадағы «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда астаналықтар қала күнінің құрметіне тегін таратылған 50 мың балмұздақты талап әкетті, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі. 

 

Астананың 20 жылдығына Қостанай облысы бас қаланың тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. Атап айтқанда, өңірдің «Жаңа күн» тауар белгісімен «Milk» зауыты «Тәтті күн» атты акция өткізіп, елордалықтарға 50 мың балмұздақты тегін таратты. 

«Астана әкімдігінің қолдауымен біздің өңір елорда тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасады. 2015 жылы біздің зауытымыз балмұздақ шығаратын желіні іске қосты. Осылайша біз астаналықтарды қала күнімен құттықтағымыз келді», - деді Елорда инфо тілшісіне «Жаңа күн» сауда маркасының Астанадағы өкілі Дмитрий Стеклов. 

 

Бұған қоса, ол ұйымдастырушылар тарапынан балмұздақ алушыларға шектеу қойылмағанын айтты. Бір адамға бірнешеуден берілді. 

«Бүгін 50 мың балмұздақ таратамыз деп шештік. «Бәйтерек» монументінің алаңында бірнеше арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. 10 тоңазытқыш қойдық. Біреулер бір-бірден, енді біреулері екеуден, ал кейбіреулер үшеуден алып жатты. Біздің жұмысшыларымыз алыңыздар деп бергенде көбісі таңғалды. «Тегін бе? Әкеліңіз!», деп алып жатты. Көптеген адамдам қуанып, алғыстарын айтып, біздерді Астана күнімен құттықтап кетті», - деді ол.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх