• USD 385
  • EUR 434

Экономика

TEDx Astana конференциясына тіркеу басталды

07 тамыз, 15:0371
Автор: Elorda Aqparat
NefteGaz.kz NefteGaz.kz

15 қыркүйекте елордада TEDxAstana ғылыми-көпшілік конференциясы өтеді. Бұл туралы конференция ұйымдастырушылары әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Биылғы конференцияның тақырыбы – Under One Sun (Бір аспан астында). Бұл тақырыпты таңдауымыздың өзіндік себебі бар. Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Ой-пікіріміз де әртүрлі. Дегенмен бәрімізді біріктіретін тақырыптар да бар. Дәл осы тақырып бізді алаңдататын мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деді TEDx Astana конференциясының кураторы Әлия Сандыбаева.                 

Ұйымдастырушылар пікірінше, конференцияда адамзат жеткен жетістіктердің қоршаған орта мен экономикаға әсері туралы жылдар бойы қалыптасқан «үйреншікті» пікірлерді өзгертетін идеялар сөз болады. Спикерлер адамдардың өмір салты мен болашағына әсер ететін мәдени-әлеуметтік құбылыстар, инновациялар мен заманауи технологиялардың қазіргі заманның ең өзекті деген мәселелерін шешуге қаншалықты мүмкіндігі бар деген сауалдарға жауап іздейді.

Естеріңізге салсақ, алғашқы TEDx конференциясы Қазақстан мен ТМД елдері аумағында 2010 жылы өткізілген болатын. Ал TED қорының арнайы лицензиясымен өткізілетін TEDx Astana 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жалпы, TEDx – жергілікті жерлерде түрлі ағартушылық шаралар өткізуге арналған ғаламдық жоба.  

Айта кетсек, конференцияға тіркеу tedxastana.com сайтында қыркүйектің 5 дейін жалғасады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх