• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Танымал өнер жұлдыздары әлеуметтік желіде ашық айқасқа шықты

11 қыркүйек, 21:1551
Автор: Elorda Aqparat
Коллаж: @shownews.kz Коллаж: @shownews.kz

Танымал өнер жұлдыздары әлеуметтік желіде ашық айқасқа шықты. Режиссер Ермек Тұрсынов пен продюсер Баян Алагөзова бір-біріне желі арқылы жауап қайтарды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алдымен Ермек Тұрсынов өзінің Facеbook желісіндегі парақшасында заманауи отандық мәдениет пен оның өкілдері туралы жазба жариялады. Режиссердің айтуынша, бүгінде елімізде талғамы мен көзқарасы тек ұялы телефонмен қалыптасқан жастардың «тобыры» көбеюде. Ал Баян Алагөзова, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және басқалары «мәдениеттің бетке ұстарларына» айналған.

«Гаджеттермен өмір сүретін ұрпақ өсіп жатыр. Ал қазір әлеуметтік желі дегеніміз не? Бұл – фильтрден өтпеген ақпараттар ағыны. Онда бір ит ерігіп үрсе, қалғандары шынайы қабылдайды. Осыдан бейшара шығармашылық зиялы қауым мен кез келген жасанды нәрсені «тістей» беретін көрерменнің (оқырман, тыңдарман) тұйық шеңбері пайда болады. Бүгінде Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлілер Қазақстан мәдениетінің маңызды адамдарына айналған. Егер мәдени бағдаршыларымыз осындай болса, онда біз қандай халықпыз», – деп жазды Ермек Тұрсынов.

Көп күттірмей Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында пост жариялап, Ермек Тұрсыновқа жауап қайтарды.

«Мені бүкіл ұлттың басты тоқыратушысы деп атағаныңыз қандай мәртебе, Тұрсынов мырза! Сіз көп жылдар бойы көреалмаушылықпен менің арым мен қадір-қасиетіме нұқсан келтіріп жүрсіз. Сізге сұрағым, ұзақ уақыт бойы менімен және шығармашылыммен алысудан жалықпайтындай, расымен де соншалық «кішкентай мүше» синдромына шалдыққансыз ба? Тұтас ұлтқа қатысты шешім қабылдауға кім құқық берді сізге? Әлде сіз сотсыз ба? Сіздің сөзіңізбен айтқанда, тоқыраған халық жақсы көретін, мен түсірген бірде-бір туындыны көрмегеніңізге әбден сенімдімін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Ермек Тұрсыновқа егер «сондай батыл» болса, жемқорлық мәселесін шешуді ұсынды.

«Тоқыраған халықтан олардың алаңға жиі шығу себебін сұраңыз. Содан кейін өзім де көріп шыққан фильмдеріңіздің эстетикасына халықты үйретерсіз. Өйткені мен өзгелердің шығармашылығына үлкен құрметпен қараймын және олардың атағын, таланты мен жетістігін оңай қабылдаймын", – деді Б.Алагөзова.

Сонымен қатар Баян Алагөзова белгілі режиссерге қатаң ескерту жасап өтті. «Мен тегімді ауыстырғанмын.

"Келесі жолы мұқият болғаныңыз абзал. «Жауыңа да құрмет көрсет» демеп пе еді. Біз бен сіздің атамыз – Бейбарыс», – деп қорытындылады продюсер.

Дереккөз: @shownews.kz



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх