Өңірлер жаңалығы

Талдықорғанда халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы пара беру күдігіне ілінді

09 қазан, 11:1892
Автор: Elorda Aqparat

Талдықорған қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талдықорған қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорын пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол Талдықорған қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары - делдал арқылы жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды көрсетпей акт толтырғаны үшін «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді», - деп хабарлайды агенттік.

Хабарламада айтылғандай, бүгінде аталған лауазымды тұлғалардың пара беруге және оны алуға делдалдыққа қатыстылығы тексерілуде.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх