Өңірлер жаңалығы

Сыр өңірінде сексеуіл тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды

23 қазан, 09:0342
Автор: Elorda Aqparat
фото agroinfo.kz сайтынан фото agroinfo.kz сайтынан

Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолының 1820 шақырымында мемлекеттік белгісі KF789A (тіркемесі GG149U) «DAF» маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында одан сексеуіл ағашы табылған, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Тіркемені қарау барысында кесу және тасымалдау рұқсатынсыз, салмағы 22 тоннаны құрайтын сексеуіл ағашы анықталды. Сексеуілді жасыру үшін тіркеменің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.

Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдап келген. Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке 600 мың теңгеден астам шығын келді. 

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін қозғалды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх