Руханият

Студенттер арасында республикалық жыр мүшәйрасы өтті

08 қараша, 19:14124
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚазАТУ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚазАТУ баспасөз қызметі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Абай Құнанбайұлының 175, Сәкен Сейфуллиннің  125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы тұлғаларға тағзым» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚазАТУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазАТУ басшылығы мүшәйраны келешекте дәстүрлі түрде өткізіп отыруды жолға алатындығын жеткізді.

Шараға қатысу үшін республиканың барлық қаласындағы жоғары оқу орындарынан 50-ден аса өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 38 жас ақынның өлеңдері жинаққа енгізілсе, 18-і мүшәйраға шақырту алған.

Жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасы мүшәйраның жоғары деңгейде өткенін айтып, ақындарға дән ризашылығын жеткізді.

«Жыр кеші қазақ әдебиетінің біртуар тұлғаларының есімін ұлықтап, жастардың ақындық өнерін шыңдай түсті. Жиналған қауым бұл мүшәйра алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтіп отырса деген тілегін жеткізді. Жалпы, өлең бәйгесі өте жоғары денгейде болды. Ақындардың да қарымы өте жақсы. Бірінен бірі асады. Университет басшылығына алғас айта отырып, қатысушылар мен көрерменнің тілегіне қосыламын. Мұндай ұлы тұлғаларымызға тағызым етіп отыру – парыз», – деді әділқазылар алқасының мүшесі, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы.

Жыр додасының қорытындысы бойынша 5 қатысушы ынталандыру сыйлыққа ие болды. Ал ІІІ орын қостанайлық Жауынбай Жылқыбайұлына бұйырса, ІІ орынды семейлік Ділнәз Байекенова иеленді. І орынды Новосібір мемлекеттік университетінің студенті Серікжан Қажытай қанжығалады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.




Наверх