• USD 383.4
  • EUR 432

Тұрғын үй алаптары

Сол жағалаудағы үйлерді сумен қамтамасыз ету қайта қалпына келтірілді

15 қараша, 17:07708
Автор: Elorda Aqparat

Сол жағалаудағы үйлерді сумен қамтамасыз ету қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.  

Бүгін таңғы сағат 5-те «Пекин Палас» қонақүйінің маңында Сығанақ көшесінде диаметрі 400 мм құрайтын су құбыры жарылған болатын. Қазіргі уақытта Сығанақ көшесі, 25, 18, 18/1 үйлер сумен қамту қызметіне қосылған. Жолдарды жабу жоспарланбаған, автобус маршруттары штаттық режимде жұмыс істейді» делінген хабарламада.

Оқиға қала әкімшілігінің бақылауында. iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы да апат орнындағы жағдайды бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалап отыр деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.                  

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бейсенбіде сағат 05:00 шамасында «Пекин Палас» қонақүйі маңындағы Сығанақ көшесінде диаметрі 400 мм құрайтын су құбыры жарылған болатын. Осыған орай, бірқатар көшедегі қозғалысқа шектеу енгізілген-ді. Су құбырының жарылу себептері анықталып жатыр.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх