Өңірлер жаңалығы

СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

05 қараша, 15:1443
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры М.Б.Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол СҚО ТЖД қызметкеріне анықталған өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғанына әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова М.Б. пара бергені, ал Әбдікәрімова М.Т. пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Агенттік таратқан мәліметке сәйкес, сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ  мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.




Наверх