Өңірлер жаңалығы

СҚО-да 600 шақырым жол жөнделді

05 қараша, 20:5834
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 8998 шақырымды құраса, биыл соның 580 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге биыл 18,6 млрд теңге бөлінген. Оның 15,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен аударылған. Қаржыландыру есебінен өңірдегі жолдардың 8 шақырымы қайта жаңартылып, 17 шақырымы күрделі, 333 шақырымы орташа жөндеуден өткен. Сондай-ақ жол төсемдерінің 240 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделуде.

Сонымен қатар СҚО арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Оның 86,4 пайызы қалыпты жағдайда көрінеді. Ал жергілікті желіге тиесілі 7530 шақырым жолдың 39 пайызы нашар деп бағаланған.

Айта кетсек, 2019 жылы республика бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 4,6 мың шақырымы жөнделген. Бұл жұмысқа қазынадан 218 млрд теңге қаржы бөлінген.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх