• USD 379.8
  • EUR 431.7

Қоғам

Сириядан қайтарылған жеті қазақстандықтың лаңкестікке қатысы болуы мүмкін - ҰҚК

10 қаңтар, 12:29147
Автор: Elorda Aqparat

Сириядан қайтарылған 47 қазақстандықтың жеті азаматы Сирия аумағында лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ҚР ҰҚК департаментінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Жусан» операциясының нәтижесінде қайтарылғандарға келетін болсақ, қазір 6 ер адам мен 1 әйелге қатысты террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл жағдайлар мұқият тексеріліп, шешім қабылданады, соңғы нүктені сот қояды», - деді Бақытбек Рахымбердиев.

Оның айтуынша, Сириядан оралған барлық қазақстандықтар қылмыстық жазаға тартылмаған.

«Көпшілікті қайтарылған адамдардан қандай да бір қауіп-қатер жоқ па деген мәселе толғандырады. Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс бірнеше жылға созылғанын атап өту керек. Ол жақтардан да Қазақстанның бірнеше азаматы қайтарылған болатын. Олардың ішінде тек 40 пайызы ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қалғандарына алдын алу, оңалту шаралары жүргізілді. Қайтарылған азаматтардан әзірше ешқандай террористік қауіп жоқ», - деді ол.

Арнайы операция барысында Қазақстанға алты ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтарылды. Операцияға бірнеше ай бойы әзірленіп, өткізілді.

Ол сондай-ақ, қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар лаңкестікке қатысқаны үшін Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкін екендігін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық операцияның аяқталуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх