Қылмыс және оқиғалар

Синтетикалық есірткілерді өндіретін зертхана жойылды

07 қараша, 12:5554
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Солтүстік Қазақстан облысында, қала маңындағы елді мекенде «спайс» деп аталатын синтетикалық препараттар шығарылатын және сатуға дайындалған зертхана анықталды. Синтетикалық есірткі өндірісін жергілікті тұрғын өз үйінде ұйымдастырған. Ол есірткі затының концентратын сатып алған, шөптермен араластырып оны дайындаған, доза бойынша жинақтаған. Бұл туралы Елорда Инфо ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Күдіктінің пәтерін тінту кезінде «спайсты» өндіруге арналған негізгі белсенді компоненті – концентраты этил спирті табылды және тәркіленді, соңғы дәрілік затты дайындау үшін контейнер ретінде қолданылатын полимерлі бес литрлік бөтелкелер және синтетикалық каннабиноид табылды, Сондай-ақ, электронды таразы, 900 мың теңге көлеміндегі ақша табылды. Жедел қызметкерлер қағазға орап жинақтаған «спайстың» бір реттік 450 дозасын тәркіледі», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат тінту кезінде ол жеке пайдалануға арналған есірткіні дайындап, жинақтаған, сонымен қатар есірткінің көп мөлшерін күн сайын 13-15 дозадан «спайсты» қолданатындығын сылтау етпек болды.

Алайда, жедел қызметкерлер есірткі зертханасын ұйымдастырушының қылмыстық жолмен алған тауарларын өз ауылында және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына сатқандығын анықтады.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айып тағылды.




Наверх