Өңірлер жаңалығы

Шымкентте 5 айлық бала шеге жұтып қойған

09 қазан, 08:49184
Автор: Elorda Aqparat

Шымкентте дәрігерлер шеге жұтып қойған 5 айлық баланың өмірін құтқарып қалды. Нәрестенің асқазан-ішек жолындағы бөгде затты мамандар кездейсоқ анықтапты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ата-анасы бұл жағдайдан хабарсыз болған. Олар ұлының ұршығын тексертуге келген. Хирургтар оның шеге екеніне көз жеткізгеннен соң да өздігінен түсуін екі аптадай бақылаған. Алайда асқазан-ішек жолынан өткен шеге нәрестенің соқыр ішегіне тұрып қалыпты. Операция кезінде алынған шегенің ұзындығы - 2 см. Дәрігерлер егер шегені дер кезінде анықтамағанда оның тұрған орны шіріп, тесіп шығу салдарынан бала өміріне қауіп төнуі мүмкін екендігін айтады.

 «Ота лапораспиялық тәсілмен жасалды. Бұл жерде операция кезінде электронды -оптикалық рентген аппараты көмегімен асқазан-ішек жолының бөгде затының тұрған жері нақты анықталып, балаға лапораскопиялық аппендактемия соқыр ішектің алынуы жасалынды.  Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Бала бесінші тәулікте толық жазылуымен үйіне шықты», Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, балалар хирургы Сұлтанғали Сарыбай.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх