Тұрғын үй алаптары

«Шығыс» ТК құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды

12 қыркүйек, 23:24172
Автор: Elorda Aqparat

Қаланы кешкі аралау барысында Алтай Көлгінов «Шығыс» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. Мұндағы 1А, 1 В бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл нысандар «Building Challenger» жеке инвестициясына салынып жатыр. Құрылысты жандандырып, жыл соңына дейін қасбеті мен әрлеу жұмыстарын аяқтау керек. Жылыту маусымына дейін жылу мен ыстық су жүйесіне қосылуы тиіс. Ал ауланы абаттандыру жұмыстары келесі жылдың жазында атқарылады», деді қала басшысы.

 

Аталған тұрғын үй кешенінде жалпы саны 800-дей үлескер бар.  



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх