• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

250 адам жұмыс істейтін Белоусов кен байыту фабрикасы жабылатын болды

06 қыркүйек, 14:0880
Автор: Elorda Aqparat
фото altaynews.kz сайтынан алынды фото altaynews.kz сайтынан алынды

KAZ Minerals Тобы 2019 жылғы 1 қарашадан бастап «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Белоусов кен байыту фабрикасының жұмысы тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Елорда Инфо altaynews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бизнес-процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту және ресурстарды үнемдеу мақсатында фабриканың жұмысын тоқтату және кәсіпорынды консервациялау туралы шешім қабылданды. Белоусов КБФ-да өңделген Ертіс шахтасының кені Николаев КБФ-на жөнелтілетін болады. 2016 жылы Николаев фабрикасында ауқымды модернизация жүргізілді және кәсіпорынның қуаты қосымша шикізат көлемін өңдеуге мүмкіндік береді. ББФ-ның жабылуы «Шығыстүстімет» ЖШС-нің және жалпы Топтың өндірістік көрсеткіштеріне әсер етпейді.

ББФ-ның қызметкерлер саны - 246 адам. Консервациялау жұмыстары кезеңінде кәсіпорында 26 адам жұмыс істейтін болады. Еңбек шарттарын бұзу кезінде еңбек заңнамасының барлық нормалары сақталып, ұжымның мүдделері барынша ескерілетін болады. Компанияның басқа кәсіпорындарында бос орындар болған жағдайда жұмыстан босатылатын қызметкерлерге олардың біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін жұмыс орындары ұсынылады.

 «Белоусов кен байыту фабрикасы біздің байырғы кәсіпорындарымыздың бірі. Ол өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап жұмыс істеп келеді. Шикізат базасының біртіндеп азаюына және Шығыстүстіметтің байыту қуаттарын толық жүктеу қажеттілігіне байланысты біз Белоусов КБФ-ның жұмысын тоқтатуға және Ертіс шахтасының кенін Николаев КБФ жөнелтуге мәжбүрміз», деді «Шығыстүстімет» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ильсур Даутов.

ББФ «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс өндірістік кешенінің құрамына кіреді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх