Қылмыс және оқиғалар

Шамалған стансасында болған жол-көлік оқиғасына байланысты арнайы комиссия құрылды

15 қыркүйек, 23:37108
Автор: Elorda Aqparat
Коллаж: inalmaty.kz Коллаж: inalmaty.kz

Бүгін кешкі сағат 19.00-ден кейін Алматы облысы Шамалған теміржол стансасында болған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы облысының Шамалған теміржол стансасында жолаушы тасымалдайтын пойыз бен автобустың қақтығысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«Алматы – Қостанай» бағытындағы №43 пойыз бен «Алматы – Қаскелең» бағытындағы «Setra» маркалы №456 автобус соқтығысқан. Белгілі болғандай, пойыздың дыбысты белгісіне қарамастан автобус теміржол бойына шығып кеткен. Жүйткіп келген отарба автобусты қағып кеткен. Әзірге оқиғаның жай-жапсары тексерілу үстінде.

Комиссия құрамына Көлік комитеті мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері кірген. Комиссия мүшелері қазіргі уақытта оқиға орнына аттанып кетті.

Айта кетсек,  осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысы ТЖ департаменттерінде жедел желі іске қосылған болатын (Алматы облысы: (87282) 220213, 220018, Алматы қаласы: (8727) 2782083, 2782084). Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мамандары да елордалықтарды барынша абай болуға шақыра отырып, қоғамдық көліктердің қақтығысы жайлы қандай да бір сұрақтары болса, жоғарыда көрсетілген жедел желіге хабарласу керектігін құлаққағыс етті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх