Спорт

Шағын футболдан «Nur-Sultan cup» турнирінің финалы өтеді

08 қараша, 10:3534
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Елордада шағын футболдан балалар арасында «Nur-Sultan cup» турнирінің финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«8 қараша күні сағат 14:30-да «Астана Арена» стадионында балалар арасында шағын футболдан «Nur-Sultan cup» турнирінің (күзгі кубок) финалдық ойындары өтеді», - делінген хабарламада.

Жарыс 2007-2009 жылғы туған жеткіншектер арасында ұйымдастырылады. Турнирге елорданың 4 ауданының ең үздік 16 командасы финалға жолдама алды.

Аталмыш күзгі турнирдің іріктеу кезеңіне 75 команда 741 балалар қатысты.




Наверх